Біздің негізгі құндылықтарымыз

Адалдық, Кәсіпқойлық, Жауапкершілік, Икемділiк - осының бәрі СЕНІМ сыйлайды

"ALC Attorneys" ЖШС -бұл Қазақстанда 2011 жылы құрылған, Астана қаласында бас кеңсесі, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында филиалдары және Баку қаласында өкілдігі бар халықаралық заңгерлік компания.

Жергілікті нарықтың барлық қыр-сырларын ескере отырып, дәстүрлер мен бизнес жүргізу мәдениеті жөніндегі заңгерлік біліміміз мол. Дәстүрлер мен мәдениетке, заңға деген терең құрметіміз бен іскерлік әдебіміз бізге заңи мәселелер бойынша табысты жұмыс жасауға және тәжірибемізді әлем бойынша еш қиындықсыз қолдануға мүмкіндік береді.

Біз өңірлік және жаһандық проблемалар мен тенденциялардың ерекшеліктерін жете түсінеміз, өйткені әрқашан зерттеулер мен даму үстіндеміз. Біздің заңгерлеріміз қажетті міндеттерді қабылдап, олардың ең оңтайлы шешімдерін табуға дайын. Біз юриспруденцияның әртүрлі салаларындағы қызметтердің кең аясын ұсынамыз. Біздің практикамызда иммиграциялық құқық және еңбек іс-әрекеті, визалық қолдау көрсету, корпоративтік құқық, лицензиялау, бухгалтерлік және қаржылық қызметтер, энергетика және табиғи ресурстар, экологиялық құқық, жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік, жеке құқық мәселелері, дауларды шешу және сот талқылаулары бойынша мәселелер қаралады.

Біздің заңгерлік компаниямыздың кәсіби шеберлігі мен клиенттерге қызмет көрсетудегі беделі жоғары. Біздің заңгерлеріміз өз клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім мен тәжірибенің кең спектрін қолданады.

Компанияға шолу жасау

ALC Attorneys -бұл Қазақстанда 2011 жылы құрылған, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Баку қалаларында кеңселері бар халықаралық заңгерлік компания. Компания заңгерлік және консалтингтік қызметтерге аудит жасаумен айналысады.

Миссиямыз

Біздің миссиямыз -ұдайы өз клиенттерімізбен бірге өсу және соңғы он жылдық ішінде жинақтаған үздік қағидаттарымызбен және тәжірибемізбен бөлісу. Жоғары дәрежедегі кәсіпқой қолдауымызды ұсына отырып және әр нақты жағдайға терең үңіле отырып, біліміміз бен тәжірибемізді ортаға салу -басты міндетіміз. Біз нәтижені көздейміз, сондықтан оң нәтижеге/ шешімге қол жеткізгенше, клиенттің құқықтарын табандылықпен қорғаймыз.

Көрегенділік

Біздің келешектен көздегеніміз нақты іс-әрекеттерге негізделеді, біз Орталық Азия өңірі мен Кавказдағы алдыңғы қатарлы компанияға айналғымыз келеді.